Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

3101/19
Цель законопроекта – прозрачность управления домом и повышение качества услуг ЖКХ

Заң жобасының мақсаты – тұрғын үйді басқаруда ашықтығы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметтерінің сапасын көтеру

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ИИДМ Құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту департаменті директорының орынбасары Марғұлан Әбдікәрімовтың қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесіне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

2018 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметімен тұрғын үй қатынастары субъектілерінің құқықтық қатынастарын реттейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Марғұлан Әбдікәрімовтың айтуынша, заң жобасында ұсынылып отырған негізі ұсыныс – бұл «бір үй – бір мүліктің меншік иелері бірлестігі – бір шот» қағидасы бойынша жұмыс істейтін көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың коммерциялық емес жаңа формасын құру.

«Бір үй – бір мүліктің меншік иелері бірлестігі – бір шот» көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару қағидаты бойынша тұжырымдамалық ұсыныс тұрғындардың түскен қаражатты бақылау және осы ақшаның мақсатты жұмсалуы мүмкіндігімен тек өз үйлерін күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы жинауларына мүмкіндік береді», - деп атап өтті М.Әбдікәрімов.

Сондай-ақ, заң жобасымен кондоминиум объектісін тіркеу процедурасын жеңілдету, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөндеуіне қаражат жинау тетігін регламенттеу, тұрғын үй және тұрғын-үй құрылыс кооперативтерінің қызметін жетілдіру қарастырылған.

Тағы бір маңызды тұс, заң жобасы аясында кондоминиум объектісінің басқару органын үй-жайлар меншік иелері тарапынан бақылауды қамтамасыз ету және меншік иелері және басқарушы компаниялар және сервистік ұйымдар және әкімдіктер қарым-қатынасын жақсарту үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін құру көзделген.

Жаңа түзетулерді енгізу кондоминиум объектісінің басқару мен күтіп ұстауға қатысушы субъектілердің қарым-қатынасының жақсаруына, кондоминиум объектісінің басқарудың және күтіп ұстауға қаражаттың жұмсалуының ашықтығының жоғарылауы және пәтер иелерінің басқарушы компаниялармен сервистік қызмет субъектілерімен көрсетілген қызметтер сапасына көңіл толуына әкеледі.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту департаменті