Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2406/19
В МИИР предложили механизм по пресечению деятельности недобросовестных застройщиков

ҚР ИИДМ жауапсыз құрылыс салушылар қызметінің жолын кесу бойынша тетікті ұсынды

Заң жобасы тұрғын үй-құрылыс кооперативтері арқылы тұрғын үй сатып алатын азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған

Тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын әзірледі.

Жобаның негізгі бағыттары - тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне (ТҚК) кіру арқылы тұрғын үй сатып алу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету және тұрғын үй кооперативтері (ТК) сияқты азаматтарды біріктіру нысанын алып тастау.

Тәжірибе барысы қатысушы-пайшылардың салынып бітпеген үйлерді немесе тек қағаздағы тұрғын үйлерді сатып ала отырып, қылмыстық схемалардың құрбандары болудың жоғары осалдығын көрсетіп отыр. Бұдан басқа, құрылыс компаниялары бір жақты тәртіппен жарналардың мөлшері туралы шешім қабылдай алады, тұрғын үйді тапсыру мерзіміне әсер ете алады және кооператив мүшелеріне құқықтарды үшінші тұлғаларға беру шарттарын "талап ете алады". Шарттардағы ережелер құрылыс компанияларына қаржыландыруды "уақытша" тоқтата тұрған жағдайда құрылыстың кез келген сатысында ТҚК беруге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, ТҚК арқылы азаматтардың тұрғын үй сатып алу талаптарын күшейту және мемлекеттік қатысудың пәрменді тетігін әзірлеу қажеттігі пісіп жетілді.

Заң жобасы ТҚК үлгілік жарғысын, ТҚК-ға қатысудың үлгі шартын қарастырады және ТҚК-ға мүшелердің кіру тәртібіне қатысты нормаларды қайта қарауды, сондай-ақ ТҚК-да жер учаскесінің болуы, әкімдіктегі ТҚК-ға қатысу шарттарын тіркеу бойынша нормаларды, ТҚК және т.б. барлық мүшелері үшін бірқалыпты қаржылық міндеттемелер бойынша нормаларды белгілеуді ұсынады. Мұндай жаңалықтарды енгізу өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартқысы келетін азаматтар үшін тұрғын үй сатып алуға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Заңнамадағы өзгерістер ТҚК қызметінің объективтілігі мен ашықтығын арттыруға, құрылыс салушылардың ТҚК-мен байланысты қатынастарда құқықтарды теріс пайдалануын болдырмауға, сондай-ақ қаржылық пирамида белгілері бар ТК құрудың жолын кесуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысының екі оқылымында мақұлданды және белгіленген тәртіппен Сенатқа жіберілетін болды.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту департаменті