Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2406/19
Что даст ОСИ либо Простое товарищество жителям многоквартирных жилых домов

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарына МИБ немесе қарапайым серіктестік не береді

Тұрғын үй қорын басқарудың жаңа моделін енгізу Сенатта қаралатын болады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"заң жобасын әзірледі. Заң жобасы ПИК орнына тұрғын үй қорын басқарудың жаңа моделін ұсынады - мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе "бір үй – бір МИБ немесе жай серіктестік – бір шот" қағидаты бойынша қарапайым серіктестік әрбір үйді басқарудың жеке тәсілін қарастырады. Әрбір МИБ  немесе қарапрайым серіктестік ашықтық мақсатында өзінің ағымдық және жинақтық шоттарын ашады.

Талдау көрсеткендей, ПИК заңнама кемшіліктерін пайдаланып, үйді басқарудан басқа, оны ұстау функцияларын орындайды және материалдық пайданың мақсатын көздей отырып, тек бір ғана ағымдағы шотты ашу арқылы 10-нан астам көпқабатты үйге қызмет көрсетеді. Кооперативтер тұрғындардың бейресми жиналысын өткізеді, жалған қол қою негізінде шешім қабылдайды және өз қызметі туралы есеп бермейді.

Осының барлығы ПИК қызметі бойынша әлеуметтік шиеленістің артуына және ТКШ-а сервистік қызмет көрсету саласында шағын және орта бизнесті дамыту үшін кедергі жасауына байланысты сенімге ие болған жоқ. Осыған байланысты, тұрғын үй қорын басқарудың жаңа моделін енгізу арқылы тұрғын үй қатынастары жүйесін реформалауда – МИБ немесе қарапайым серіктестік арқылы басқару өткір қажеттілігі туындап отыр.

Заң жобасы қабылданған жағдайда тұрғын үй қатынастары саласындағы меншік иелерінің жауапкершілігі мен тиімділігін, сондай-ақ тұрғын үй инспекциясының өкілеттігін арттыру жоспарлануда. Жаңа модель елдегі барлық көп пәтерлі тұрғын үйлерді кондоминиум объектісі ретінде тіркеуге мүмкіндік береді, МИБ немесе қарапайым серіктестік үшін ағымдағы және жинақ шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың регламенттелген тәртібін, сондай-ақ үйлерді басқару мен күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы ашық тарифті қамтамасыз етеді.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту департаменті